Астанада Run for Autism жарысы өтіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Астанада Run for Autism төртінші қайырымдылық жүгіру жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада Run for Autism жарысы өтіп жатыр
Жарысқа Қазақстанның 26 қаласынан спортшылар жиналды, сондай-ақ Мәскеу, Санкт-Петербург және Якутск қалаларынан келген қонақтар және жергілікті Хатико да қатысып жатыр. Бұдан бөлек, 30 қалада (Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания) 142 адам онлайн форматта қосылған. Қашықтықтар: 1 км, 2,5 км, 5 км және 10 км.
Жарысқа даму ерекшеліктері бар 100-ден астам адам қатысып жатыр (балалар үшін бөлек спорттық-ойын эстафетасы ұйымдастырылған), сондай-ақ есту қабілеті мен тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар да тыс қалмады.
Жүлделер арасында Грузияға екі адамға жолдама, бір тонна бензин, смартфон, тау велосипеді, бес жұлдызды қонақүйде тұру сертификаттары, бір жылдық йогурт қоры және бір айлық кофе қоры бар.
Алматыға 22 елдің марафоншысы келді