Ақтауда атом комбинатының екі жұмысшысын күйік шалды

Жарақат алғандар дереу медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетика комбинатының екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды, деп хабарлады Lada.kz.
Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті оқиғаның 23 сәуірде сағат 10:30-да зауыттағы цехтардың бірінде болғанын хабарлады.
Алдын ала ақпарат бойынша, екі жұмысшы арнайы қондырғының негізгі конденсаторына қышқылмен жуу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Тұз қышқылының ерітіндісі қышқыл сорғысын пайдаланумен шланг арқылы берілген.
"Жұмысты аяқтап, сорғыны өшіргеннен кейін, шланг алып жатқанда тұз қышқылының ерітіндісі шашырап, жұмысшылардың беті мен көзіне тиген", - деп жазылған материалда.
Жарақат алғандар дереу медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Жұмыс беруші бұл жазатайым оқиға туралы белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарлаған.
"Қазіргі уақытта жарақаттың ауырлығы туралы медициналық қорытынды күтіліп отыр. Егер ауыр немесе топтық жазатайым оқиға белгілері анықталса, мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тергеу жүргізіледі", - деп хабарлады еңбек инспекциясы департаментінде.
Шығыс Қазақстанда үш жұмысшы кәріз құдығында уланып қалды