Шығыс Қазақстанда үш жұмысшы кәріз құдығында уланып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневКәріз құдығы
Кәріз құдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Бір жұмысшы өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында үш жұмысшы кәріз құдығында уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жұмысшылар кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде газбен уланған.
Бір жұмысшы өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған. Глубокое ауданы ТЖБ басшысы мен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы оқиға орнына бірінші болып келіп, екі жұмысшыны құдықтан шығарып алған.
Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір жұмысшының жағдайы орташа ауыр дейді.
"Екі адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Бір науқас ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, бірақ өміріне қауіп жоқ", -дейді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жизнь и быт жителей села близ Аральского моря, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Көкшетауда анасы мен екі бала ысқа уланып қалды
Жаңалықтар
0