Былтырғыға қарағанда биыл 1 трлн теңгеге көп салық түскен

2026 жылдың I тоқсанының көрсеткіштері бойынша мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 103,3%-ды құрады
Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы шығарылды.
"Бүгінде бюджетке түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әкімшілендірудің барлық шараларын сапалы іске асыру және әрбір бағыт бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру аса маңызды", – деді комитет төрағасы Жандос Дүйсембиев.
Алғашқы мәселе ретінде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу қорытындылары қаралды. Одан кейін аудит, берешекті өндіріп алу және ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру бағыттары бойынша нәтижелер тыңдалды. Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру және берешекті қысқарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Комитет хабарлауынша, 2026 жылдың I тоқсанының көрсеткіштері бойынша мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 103,3%-ды құрады немесе бюджетке 6,2 трлн теңге түсті.
Сонымен қатар 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салықтық түсімдердің өсу қарқыны +19,9%-ды құрады немесе 1 трлн теңгеге артық түсті.
Жұмыс істеуге келетін шетелдіктер үшін бірыңғай салық енгізу жоспарланып отыр