Теміртаудағы құрылыс алаңында үш бала тоққа түсіп қалды

Түн баласы ойнап жүріп, добын құрылыс алаңына қарай өткізіп алған
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында кәмелетке толмаған үш бала тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 22 сәуірде болған.
"Біздің ауламыздың жанында үш мемлекеттік көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақын жерде мектеп. Тұрғын үйлердің құрылысы уақытша тоқтап тұр. Бірақ трансформатор стендінен құрылысқа дейін жоғары вольтты кабель тартылған", - дейді ықшам аудан тұрғындары әлеуметтік желіде.
Тұрғындардың айтуынша, кабельді алып тастау туралы өтініш айтып, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне бірнеше рет хабарласқан.
"Кабель баланың қолы жететіндей жерде ілініп тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне фото және бейнежазбамен соңғы рет осы жылдың 2 наурызында хабарласқанбыз”, - дейді теміртаулық тұрғындар.
Түн баласы ойнап жүріп, добын құрылыс алаңына қарай өткізіп алған. Добын алмақ болған бала тоққа түседі. Ал оны құтқармақ болған екі досы да тоққа арандап қалады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың денсаулығы орташа ауыр. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге бүгін ауыстырылған.
Ал полиция қылмыстық іс қозғады.
"Теміртау қаласында кәмелетке толмаған үш баланы электр тоғы соғуна қатысты Қылмыстық кодекстің "немқұрайлылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Көкшетаудың сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты