https://sputnik.kz/20260423/temirtaudagy-qurylys-alanynda-ush-bala-toqqa-tusip-qaldy-62904997.html
Теміртаудағы құрылыс алаңында үш бала тоққа түсіп қалды
Теміртаудағы құрылыс алаңында үш бала тоққа түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
Түн баласы ойнап жүріп, добын құрылыс алаңына қарай өткізіп алған 23.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-23T20:03+0500
2026-04-23T20:03+0500
2026-04-23T20:03+0500
теміртау
тоқ соғу
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16125361_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_d0fcde4e65126dddfb0fc2f329354af2.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында кәмелетке толмаған үш бала тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 22 сәуірде болған.Тұрғындардың айтуынша, кабельді алып тастау туралы өтініш айтып, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне бірнеше рет хабарласқан."Кабель баланың қолы жететіндей жерде ілініп тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне фото және бейнежазбамен соңғы рет осы жылдың 2 наурызында хабарласқанбыз”, - дейді теміртаулық тұрғындар.Түн баласы ойнап жүріп, добын құрылыс алаңына қарай өткізіп алған. Добын алмақ болған бала тоққа түседі. Ал оны құтқармақ болған екі досы да тоққа арандап қалады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың денсаулығы орташа ауыр. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге бүгін ауыстырылған.Ал полиция қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20260125/kokshetaudyn-sauda-ortalygynda-kishkentay-balany-toq-soqty--60667119.html
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16125361_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_a9ad1a91f7055fa028d5c74c3edaf490.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміртау, тоқ соғу, қылмыстық іс
теміртау, тоқ соғу, қылмыстық іс
Теміртаудағы құрылыс алаңында үш бала тоққа түсіп қалды
Түн баласы ойнап жүріп, добын құрылыс алаңына қарай өткізіп алған
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында кәмелетке толмаған үш бала тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біздің ауламыздың жанында үш мемлекеттік көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақын жерде мектеп. Тұрғын үйлердің құрылысы уақытша тоқтап тұр. Бірақ трансформатор стендінен құрылысқа дейін жоғары вольтты кабель тартылған", - дейді ықшам аудан тұрғындары әлеуметтік желіде.
Тұрғындардың айтуынша, кабельді алып тастау туралы өтініш айтып, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне бірнеше рет хабарласқан.
"Кабель баланың қолы жететіндей жерде ілініп тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне фото және бейнежазбамен соңғы рет осы жылдың 2 наурызында хабарласқанбыз”, - дейді теміртаулық тұрғындар.
Түн баласы ойнап жүріп, добын құрылыс алаңына қарай өткізіп алған. Добын алмақ болған бала тоққа түседі. Ал оны құтқармақ болған екі досы да тоққа арандап қалады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың денсаулығы орташа ауыр. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге бүгін ауыстырылған.
Ал полиция қылмыстық іс қозғады.
"Теміртау қаласында кәмелетке толмаған үш баланы электр тоғы соғуна қатысты Қылмыстық кодекстің "немқұрайлылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.