ЕАЭО елдері метеоқызметтер нарығы саласында ақпарат алмасады

Тараптар одаққа мүше мемлекеттер алмасатын ақпараттың тізімі қамтылған құжатқа қол қойды
Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. ЕАЭО елдері метеоқызметтер бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжат мүше мемлекеттер реттеуші органдарының метеорологиялық қызметтер саласында тиімді ақпарат алмасуына жағдай жасауға бағытталған.
Келісімде одақ елдерінің ресми сайттарына орналастырылатын ақпарат тізімі анықталды. Сонымен қатар, құжат тараптар арасында алмасылатын ақпараттың да тізімін белгілейді.
Келісім реттеушілерге деректерді жедел алмасуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және ЕАЭО елдерінде метеорологиялық қызметтер нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
ЕАЭО елдерінде халықтың нақты табысы қалай өзгерді?