Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украинаға берілетін кредитке қойылған ветоны алып тастауға дайын емес – Орбан

Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Брюссельдің хабарлауынша, Венгрия Киевке арналған 90 миллиард еуролық кредитке салған ветосын алып тастаған жағдайда Украина дүйсенбіден бастап "Дружба" құбыры арқылы Ресей мұнайын транзиттеуді қайта бастауға дайын, алайда Будапешт транзит қайта қалпына келгенге дейін олай жасауға дайын емес, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
"Егер Венгрия 90 миллиард еуролық ЕО-ның кредитіне салған ветосын алып тастаса, Украина "Дружба" мұнай құбыры арқылы жеткізілімді дүйсенбіден бастап қайта бастауға дайын екені туралы ақпарат алдық. Венгрияның ұстанымы өзгерген жоқ: мұнай жоқ — ақша жоқ", — деп жазды Орбан X әлеуметтік желісінде.
Венгрия премьері "мұнай жеткізілімі қайта басталған сәтте" Будапешт кредитті мақұлдауға кедергі келтірмейтінін атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия ЕО-ның Киевке берілетін кредитіне араласпауға тиіс – Мадьяр