https://sputnik.kz/20260413/vengriya-eo-nyn-kievke-beriletin-kreditine-qatyspauga-tiis--madyar-62637489.html
Венгрия ЕО-ның Киевке берілетін кредитіне араласпауға тиіс – Мадьяр
Венгрия ЕО-ның Киевке берілетін кредитіне араласпауға тиіс – Мадьяр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Будапешт Киевке кредит беру процесіне қатыспауы керек, деп мәлімдеді парламент сайлауында жеңіске жеткен "Тиса" партиясының... 13.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-13T21:38+0500
2026-04-13T21:38+0500
2026-04-13T21:45+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0d/62636304_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_48dbc841c55c47d9e01707b435194569.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Будапешт Киевке кредит беру процесіне қатыспауы керек, деп мәлімдеді парламент сайлауында жеңіске жеткен "Тиса" партиясының жетекшісі Петер Мадьяр.Саясаткер сонымен бірге Украинаның Еуроодаққа жедел кіруін қолдамайтынын айтты.Сонымен қатар ол Украинадағы қақтығыс аяқталғаннан кейін ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары алынып тасталады деп үміттенетінін жеткізді.Мадьяр Венгрия энергия ресурстарын әртараптандыруға күш салатынын, бірақ бұл Ресейден импорттан бас тартуды білдірмейтінін айтты. Ол сондай-ақ "Пакш-2" атом электр станциясы бойынша кейбір келісімшарттарды бұзу немесе қаржылық шарттарды өзгерту мүмкіндігін жоққа шығармады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0d/62636304_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_0ae31a8d7d2255410afc81be6f3031e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Венгрия ЕО-ның Киевке берілетін кредитіне араласпауға тиіс – Мадьяр
21:38 13.04.2026 (жаңартылды: 21:45 13.04.2026) АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Будапешт Киевке кредит беру процесіне қатыспауы керек, деп мәлімдеді парламент сайлауында жеңіске жеткен "Тиса" партиясының жетекшісі Петер Мадьяр.
"Желтоқсанда ЕО кеңесінің отырысында Виктор Орбан Венгрияның, мүмкін Словакия мен Чехияның да бұл 90 миллиард еуролық кредитке қатыспайтынын, яғни ол біздің елдерге қолданылмайды деген шешім қабылданғанын айтты. Солай шешілген еді. Неге бұл мәселе қайта көтеріліп жатқанын толық түсінбеймін, оны еуропалық көшбасшылармен талқылаймын. Менің жеке пікірім – Венгрия бұл процестен шығарылуға тиіс", -деді ол сайлаудан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Саясаткер сонымен бірге Украинаның Еуроодаққа жедел кіруін қолдамайтынын айтты.
"Менің ойымша, бұл жақын арада, келесі он жылда да болмайды", — деді Мадьяр.
Сонымен қатар ол Украинадағы қақтығыс аяқталғаннан кейін ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары алынып тасталады деп үміттенетінін жеткізді.
"Біз Ресейге жақын орналасқанбыз, Еуропа да шикізатты қымбат бағамен алуға мүдделі емес, өйткені бұл Еуропаның бәсекеге қабілеттілігіне зиян келтіреді", — деп түсіндірді ол.
Мадьяр Венгрия энергия ресурстарын әртараптандыруға күш салатынын, бірақ бұл Ресейден импорттан бас тартуды білдірмейтінін айтты. Ол сондай-ақ "Пакш-2" атом электр станциясы бойынша кейбір келісімшарттарды бұзу немесе қаржылық шарттарды өзгерту мүмкіндігін жоққа шығармады.