АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының 90%-і жүргізуші тәртібінің төмендігінен болады, дейді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Оның айтуынша, жыл сайын шамамен 2500 адамның өмірін қиып, 40 мың адам жарақат алатын жол-көлік оқиғаларының 84%-і елді мекендерде болады.
"2026 жылдың басынан бері полицейлер 3 миллионнан астам жол ережесін бұзған фактілерді анықтап, 5500 мас жүргізушіні ұстады", - деді ол.
Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, жағдайды шешу үшін бейнебақылау желісін кеңейту, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі, жасырын патрульдік қызмет қажет.
Министр қазіргі уақытта ел жолдарында 30 мыңға жуық бейнекамера жұмыс істеп тұрғанын, олардың 60 пайыздан астам бұзушылықтарды тіркейтінін атап өтті.