https://sputnik.kz/20260403/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-zhuk-tasymaly-eki-ayda-15-mln-tonnadan-asty---qtzh-62383710.html
Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы екі айда 15 млн тоннадан асты - ҚТЖ
Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы екі айда 15 млн тоннадан асты - ҚТЖ
Sputnik Қазақстан
Қазақстан темір жолы мен Ресей темір жолы ынтымақтастықты арттырып жатыр 03.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-03T12:45+0500
2026-04-03T12:45+0500
2026-04-03T12:45+0500
қазақстан
ресей
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53479033_28:135:1154:768_1920x0_80_0_0_2c62812f32795da4077acc1d79809c60.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербургте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен "Ресей темір жолы" компаниясының бас директоры Олег Белозеров кездесті.Тараптар биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалының көлемі 15,2 млн тоннаға жеткенін талқылады. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 3,8%-ке артқан.Транзит ынтымақтастықтың негізгі драйвері болып отыр. Соңғы жеті жылда Қазақстан аумағы арқылы Ресей мен Қытай арасындағы контейнерлік транзит 16 есеге, яғни 33 мың жиырма футтық эквиваленттен 550 мыңға дейін өсті."Кездесу барысында мемлекетаралық түйісу пункттерін синхронды дамыту және цифрландыруды ілгерілету, соның ішінде жіксіз цифрлық транзитті қалыптастыру мәселелері қаралды. Бұл бастамаларды іске асыру жеткізу мерзімін қысқартуға және жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚТЖ.Сондай-ақ I Халықаралық көліктік-логистикалық форумында ҚТЖ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров трансшекаралық тасымалдарды дамыту перспективаларын ұсынып, ірі теміржол жобаларын іске асыру жоспарларымен бөлісті.
https://sputnik.kz/20260217/qazaqstan-men-ozbekstan-zhuk-tasymaldau-kolemin-60-million-tonnaga-deyin-ulgaytady-61235662.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53479033_126:90:1030:768_1920x0_80_0_0_918e7c1050bfba5228f4f1b903473713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, теміржол
қазақстан, ресей, теміржол
Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы екі айда 15 млн тоннадан асты - ҚТЖ
Қазақстан темір жолы мен Ресей темір жолы ынтымақтастықты арттырып жатыр
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербургте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен "Ресей темір жолы" компаниясының бас директоры Олег Белозеров кездесті.
Тараптар биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалының көлемі 15,2 млн тоннаға жеткенін талқылады. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 3,8%-ке артқан.
Транзит ынтымақтастықтың негізгі драйвері болып отыр. Соңғы жеті жылда Қазақстан аумағы арқылы Ресей мен Қытай арасындағы контейнерлік транзит 16 есеге, яғни 33 мың жиырма футтық эквиваленттен 550 мыңға дейін өсті.
"Кездесу барысында мемлекетаралық түйісу пункттерін синхронды дамыту және цифрландыруды ілгерілету, соның ішінде жіксіз цифрлық транзитті қалыптастыру мәселелері қаралды. Бұл бастамаларды іске асыру жеткізу мерзімін қысқартуға және жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚТЖ.
Сондай-ақ I Халықаралық көліктік-логистикалық форумында ҚТЖ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров трансшекаралық тасымалдарды дамыту перспективаларын ұсынып, ірі теміржол жобаларын іске асыру жоспарларымен бөлісті.