Педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесі әзірленді

Дүйсенбі күні осы мәселе бойынша ресми брифинг өткізіледі
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесін әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құжат жобасы талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде таралған материалдар ресми бекітілмеген және ереженің соңғы нұсқасы емес.
"Дүйсенбі күні осы мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады", – делінген хабарламада.
Министрлік педагогтар қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлерін ескере отырып, тиімді әрі әділетті жүйе қалыптастыруды көздейді.
Депутаттар Kundelik.kz платформасын сынға алды