Педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесі әзірленді

© Sputnik/Ертай СарбасовШкола-гимназия города Каскелен
Школа-гимназия города Каскелен - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Жазылу
Дүйсенбі күні осы мәселе бойынша ресми брифинг өткізіледі
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесін әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құжат жобасы талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде таралған материалдар ресми бекітілмеген және ереженің соңғы нұсқасы емес.
"Дүйсенбі күні осы мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады", – делінген хабарламада.
Министрлік педагогтар қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлерін ескере отырып, тиімді әрі әділетті жүйе қалыптастыруды көздейді.
Система Кунделик, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Депутаттар Kundelik.kz платформасын сынға алды
Жаңалықтар
0