Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мадьяр: "Дружба" арқылы мұнай тасымалы келесі аптада қайта басталуы мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Венгрияда өткен сайлауда жеңіске жеткен "Тиса" партиясының жетекшісі Петер Мадьяр Венгрияның MOL Group мұнай-газ компаниясынан алынған ақпаратқа сілтеме жасап, "Дружба" құбыры арқылы мұнай айдау келесі аптада қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"MOL бас директоры "Дружба" құбыры арқылы тасымал келесі аптада қайта жандануы мүмкін екенін хабарлады", – деді Мадьяр Венгрия парламентінде өткен баспасөз мәслихатында.
Украина Ресей мұнайын "Дружба" құбыры арқылы Словакия мен Венгрияға тасымалдауды 27 қаңтарда тоқтатқан болатын. Бұған құбырдың зақымдануы себеп болды деп түсіндірілген.
Венгрия бұған жауап ретінде Украинаға дизель жеткізуді тоқтатты, сондай-ақ Еуроодақтың Киевке 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитін және Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қолдауды мұнай транзиті қайта басталғанға дейін бұғаттады.