Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мадьяр: "Дружба" арқылы мұнай тасымалы келесі аптада қайта басталуы мүмкін

© ATTILA KISBENEDEKВенгрия мен Ресей арасындағы "Дружба" мұнай құбырының қабылдау станциясы
Венгрия мен Ресей арасындағы Дружба мұнай құбырының қабылдау станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Венгрияда өткен сайлауда жеңіске жеткен "Тиса" партиясының жетекшісі Петер Мадьяр Венгрияның MOL Group мұнай-газ компаниясынан алынған ақпаратқа сілтеме жасап, "Дружба" құбыры арқылы мұнай айдау келесі аптада қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"MOL бас директоры "Дружба" құбыры арқылы тасымал келесі аптада қайта жандануы мүмкін екенін хабарлады", – деді Мадьяр Венгрия парламентінде өткен баспасөз мәслихатында.
Украина Ресей мұнайын "Дружба" құбыры арқылы Словакия мен Венгрияға тасымалдауды 27 қаңтарда тоқтатқан болатын. Бұған құбырдың зақымдануы себеп болды деп түсіндірілген.
Венгрия бұған жауап ретінде Украинаға дизель жеткізуді тоқтатты, сондай-ақ Еуроодақтың Киевке 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитін және Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қолдауды мұнай транзиті қайта басталғанға дейін бұғаттады.
Жаңалықтар
0