Тоқаев "Ялла" ансамблінің жетекшісі Фаррух Закировты мерейтойымен құттықтады

"Ялла" тобының әншісі 80 жасқа толды
Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
"Тума талантыңыздың, сарқылмас күш-қуатыңыз бен ерекше еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылығыңызға тәнті миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөлендіңіз. Сіздің өнеріңіз жылдар бойы бірнеше буын ұрпақ пен халықтарды баурады", - деп жазылған жеделхатта.
Президенттің айтуынша, музыканттардың өнері көптеген жылдар бойы әртүрлі ұрпақтар мен ұлттардың өкілдерін біріктірді.

"Қазақстанда қайталанбас дауысыңызды және тұтас дәуірдің мәдени феноменіне айналған әйгілі "Ялла" ансамблінің орындауындағы танымал әндерді жақсы көреді, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен музыка өнерін дамытуға, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Фаррух Закировті ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлері белгілі болды