5 жыл бойы дәретханада тығылған: Қарағандыда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ол бес жыл бұрын қала тұрғынынан 117 миллион теңгесін тартып алған
Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қарағандыда 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы ер адам қолға түсті. Ол бопсалау фактісі бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
"Арнайы операция кезінде жекеменшік үйде жабдықталған жасырын орын анықталды. Күдікті сол жерде жасырынып жүрген", - дейді полицейлер.
Күдікті бес жыл бұрын қала тұрғынын қорқыту және күш қолдану арқылы 117 миллион теңгесін тартып алған.
Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды