5 жыл бойы дәретханада тығылған: Қарағандыда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

© Photo : Polisia.kz5 жыл бойы дәретханада тығылған: Қарағандыда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
5 жыл бойы дәретханада тығылған: Қарағандыда іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Жазылу
Ол бес жыл бұрын қала тұрғынынан 117 миллион теңгесін тартып алған
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қарағандыда 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы ер адам қолға түсті. Ол бопсалау фактісі бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
"Арнайы операция кезінде жекеменшік үйде жабдықталған жасырын орын анықталды. Күдікті сол жерде жасырынып жүрген", - дейді полицейлер.
Күдікті бес жыл бұрын қала тұрғынын қорқыту және күш қолдану арқылы 117 миллион теңгесін тартып алған.
Шекарада жүк көлігінде жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды
Жаңалықтар
0