Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді
Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.
"Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды