Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың баяу жүріп жатқанын сынға алды

37 нысанның тек екеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды
Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың жүргізіліп жатқанын сынға алды.
"Премьер-министр өткізу пункттеріндегі жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, қарқынның жоқтығын алға тартты. Барлық операциялық процестерді жеделдету тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Көлік министрлігінің деректері бойынша ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды.
ТХКБ бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, "Алтынкөл – Поти/Батуми" бағытында өтпелі тарифтер енгізу, Әзербайжан мен Грузиядағы серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.
"Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым теміржолда ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде "Мойынты – Қызылжар" және "Бақты – Аягөз" желілерін салу, сондай-ақ "Алтынкөл – Жетіген", "Шалқар – Бейнеу", "Бейнеу – Маңғыстау" және басқа да бағыттар учаскелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады үкіметте.
Олжас Бектенов "Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысы бойынша ресурстардың жеткіліксіз жұмылдырылғанын айтты. Нысандағы техника мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғаны баса айтылды. Тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Бектенов бірқатар заңды жаңа Конституцияға сай өзгертуге тапсырма берді