Атырауда полиция басшылары жұмыстан қуылды

Тексеріс кезінде әскери-қызметтік тәртіпті өрескел бұзу фактілері анықталған
Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрі Атырауда бірнеше полиция басшысын қызметтен босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тексеріс кезінде әскери-қызметтік тәртіпті өрескел бұзу фактілері анықталған.
Бұдан бөлек, жұмыс ұйымдастыру мен бақылау шаралары дұрыс жүргізілмеген.
"Осыған байланысты ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы, облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары лауазымдарынан шеттетілді", - делінген ресми хабарламада.
Министрлік ішкі істер органдары ішінде заң мен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету шаралары тұрақты әрі жүйелі түрде атқарылатынын еске салды.
Учаскелік тірек пунктінен әйелдің мәйіті табылды: есін жиған полицей қызметтен босатылды