Тоқаев белгілі қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Президент екі ғалымға "Барыс" орденін және "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын берді
Sputnik
АCТАНА, 11 сәуір - Sputnik.️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев шығыстану ғылымына қосқан елеулі үлесі және филология саласының қытайтану бағытын терең зерделеп, қазақ тарихына қатысты тың деректерді жинақтауға, мәдени құндылықтарымызды насихаттауға, екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтуға сіңірген айрықша еңбегі үшін Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына ІІІ дәрежелі "Барыс" орденін, сондай-ақ ғалым, филолог Айнұр Әбиденқызына "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы жарлықтарға қол қойды.
Осы орайда президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапат олардың ұзақ жылғы іргелі ізденістері мен табанды еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына бақ-береке және шығармашылық табыс тіледі.
Тоқаев Қазақстанды танытқан қытайлық блогерді марапаттады