https://sputnik.kz/20260404/toqaev-qazaqstandy-tanytqan-qytaylyq-blogerdi-marapattady-62412365.html
Тоқаев Қазақстанды танытқан қытайлық блогерді марапаттады
Тоқаев Қазақстанды танытқан қытайлық блогерді марапаттады
Sputnik Қазақстан
Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды 04.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-04T15:11+0500
2026-04-04T15:11+0500
2026-04-04T15:11+0500
қазақстан
қытай
блогер
қасым-жомарт тоқаев
марапат
https://sputnik.kz/img/07ea/04/04/62409814_132:139:1600:965_1920x0_80_0_0_13b1ac76dda9e90a290016ff71650eaa.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Жоғары мемлекеттік награданы оған мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.Марапаттау рәсімі барысында Аида Балаева Тао Минсюдің екі ел халқы арасындағы достықты нығайтудағы еңбегінің маңызын атап өтті.Тао Тао лақап атымен танымал контентмейкер Қазақстанға алғаш рет 2024 жылдың қыркүйегінде арнайы шақырумен келген. Содан бері ол Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын аралап үлгерді. Ол еліміз туралы 100-ден аса материал жариялап, олардың жалпы қаралымы 1 миллиардтан асқан. Осы еңбегі үшін 2025 жылдың мамырында оған "Қазақстан туризмінің елшісі" мәртебесі берілді.Қазіргі уақытта блогер Қазақстанға бесінші рет сапарлап жүр. Бұл жолы ол Алматы, Ақтау және Түркістан бағыттарын қамтып, Амал мен Наурыз мерекелеріне қатысты.Министрлік бұл марапат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілген екіжақты стратегиялық әріптестіктің айқын көрінісі екенін хабарлады.
https://sputnik.kz/20260325/qazaqstan-men-qytay-shyu-ayasyndagy-yntymaqtastyqty-talqylady-62154100.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/04/62409814_243:99:1532:1066_1920x0_80_0_0_e979ae29a4ed57d3557f4cfbdac54eb8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, блогер, қасым-жомарт тоқаев, марапат
қазақстан, қытай, блогер, қасым-жомарт тоқаев, марапат
Тоқаев Қазақстанды танытқан қытайлық блогерді марапаттады
Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Жоғары мемлекеттік награданы оған мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.
Марапаттау рәсімі барысында Аида Балаева Тао Минсюдің екі ел халқы арасындағы достықты нығайтудағы еңбегінің маңызын атап өтті.
"ІІ дәрежелі "Достық" ордені – бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесіңіздің жоғары мемлекеттік бағасы. Сіздің еңбегіңіздің арқасында миллиондаған адам Қазақстанды, оның бай мәдени мұрасын, көркем табиғатын және туристік әлеуетін жақынырақ таныды", – деп атап өтті Аида Балаева.
Тао Тао лақап атымен танымал контентмейкер Қазақстанға алғаш рет 2024 жылдың қыркүйегінде арнайы шақырумен келген. Содан бері ол Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын аралап үлгерді. Ол еліміз туралы 100-ден аса материал жариялап, олардың жалпы қаралымы 1 миллиардтан асқан. Осы еңбегі үшін 2025 жылдың мамырында оған "Қазақстан туризмінің елшісі" мәртебесі берілді.
Қазіргі уақытта блогер Қазақстанға бесінші рет сапарлап жүр. Бұл жолы ол Алматы, Ақтау және Түркістан бағыттарын қамтып, Амал мен Наурыз мерекелеріне қатысты.
Министрлік бұл марапат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілген екіжақты стратегиялық әріптестіктің айқын көрінісі екенін хабарлады.