АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлады Ақорда.
"11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.