https://sputnik.kz/20251115/toqaev-pen-mirziev-qanday-quzhattarga-qol-qoydy--58794992.html
Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды
Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша... 15.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-15T13:48+0500
2025-11-15T13:48+0500
2025-11-15T13:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
шавкат мирзиёев
қазақстан
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0f/58794828_0:0:750:423_1920x0_80_0_0_8d9a29151e461adae5ec742c3c87f177.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев пен Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды:1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі.Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті:4. Екі ел үкіметтері арасында Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтық мақсаттағы жерүсті радио қызметтері пайдаланатын радиожиілік иеленімдерін шекара маңы аймақтарында үйлестіру туралы келісім;5. Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім;6. Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісім;7. Қазақстан Үкіметі және Өзбекстан Үкіметі арасында Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісім;8. Қазақстан Әділет министрлігі мен Өзбекстан Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың 2026 - 2027 жылдарға арналған бағдарламасы;9. Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;10. Бірлескен инвестициялық платформа құру туралы негіздемелік келісім;11. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы "Гамма-пышақ" стереотаксикалық радиохирургиялық емдеу технологиясын қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;12. Қазақстанның"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Өзбекстанның Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арасындағы мемлекеттік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;13. Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті мен Өзбекстан Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Туризм комитеті арасында туризм саласындағы ынтымақтастықтың 2026 - 2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;14. Астана қаласы әкімдігі мен Ташкент қаласы хокимияты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;15. "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ мен "ӨзбекМұнайГаз" АҚ арасындағы мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру туралы негіздемелік келісім;16. "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ мен "ӨзбекМұнайГаз" АҚ арасындағы "Жарқын" барлау жобасы бойынша қағидаттар туралы келісім;17. "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі мен Өзбекстан Жастар одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
https://sputnik.kz/20251115/qazaqstan-men-ozbekstan-prezidentteri-birlesken-zhobalardy-iske-qosty-58790628.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0f/58794828_78:0:739:496_1920x0_80_0_0_b4101a053dd30662014c380093ea659a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шавкат мирзиёев, қазақстан, өзбекстан
қасым-жомарт тоқаев, шавкат мирзиёев, қазақстан, өзбекстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев пен Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды:
1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;
2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;
3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі.
Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
4. Екі ел үкіметтері арасында Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтық мақсаттағы жерүсті радио қызметтері пайдаланатын радиожиілік иеленімдерін шекара маңы аймақтарында үйлестіру туралы келісім;
5. Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім;
6. Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісім;
7. Қазақстан Үкіметі және Өзбекстан Үкіметі арасында Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісім;
8. Қазақстан Әділет министрлігі мен Өзбекстан Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың 2026 - 2027 жылдарға арналған бағдарламасы;
9. Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
10. Бірлескен инвестициялық платформа құру туралы негіздемелік келісім;
11. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы "Гамма-пышақ" стереотаксикалық радиохирургиялық емдеу технологиясын қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
12. Қазақстанның"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Өзбекстанның Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арасындағы мемлекеттік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
13. Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті мен Өзбекстан Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Туризм комитеті арасында туризм саласындағы ынтымақтастықтың 2026 - 2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
14. Астана қаласы әкімдігі мен Ташкент қаласы хокимияты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
15. "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ мен "ӨзбекМұнайГаз" АҚ арасындағы мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру туралы негіздемелік келісім;
16. "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ мен "ӨзбекМұнайГаз" АҚ арасындағы "Жарқын" барлау жобасы бойынша қағидаттар туралы келісім;
17. "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі мен Өзбекстан Жастар одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.