Батыс Қазақстанда қиын жағдайға тап болған ер адам ағасының малын сатып жіберді

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында ер адам ағасының малын сатып жіберген, деп хабарлайды облыстық сот.
Ер адам інісіне былтыр тамыздан қазанға дейін 90 бас қойын сеніп тапсырған. Алайда бақташы құмар ойынға тұрақты түрде әуес болған.
"Букмекерлік кеңсеге ұдайы бәс тігіп, бірте-бірте қиын қаржылық жағдайға тап болған. Таныстарынан қарызға ақша алып, оны толығымен құмар ойындарға жұмсаған. Қарызын өтей алмай, ақша қажет болғандықтаған, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлап, малды арзан бағаға сатып жіберген", - дейді сот.
Түскен қаражатты букмекерлік кеңсеге ставка қойып, қарызын өтеуге жұмсап, салдарынан жәбірленушіге 4 840 000 теңге көлемінде шығын келтірген.
Соталушының ағасы інісін бас бостандығынан айырмауды және азаматтық талабын қараусыз қалдыруды сұрады. Сот ер адамды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, екі жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасын кесті.
Жамбыл облысында інісі комада жатқан ағасының жерін сатып жіберген