https://sputnik.kz/20260117/zhambyl-oblysynda-inisi-komada-zhatqan-agasynyn-zherin-satyp-zhibergen-60475602.html
Жамбыл облысында інісі комада жатқан ағасының жерін сатып жіберген
Жамбыл облысында інісі комада жатқан ағасының жерін сатып жіберген
Sputnik Қазақстан
Інісі ешқандай заңды өкілеттігі болмаса да, ағасының мүлкін бір ЖШС-нің жарғылық капиталына беру туралы шарт жасасқан 17.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-17T15:21+0500
2026-01-17T15:21+0500
2026-01-17T15:21+0500
жамбыл облысы
кома
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/1378/04/13780448_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_28a5494aafef4b4cbaf78adc045e2ca7.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының тұрғыны ағасы ауруханада комада жатқанда, оның мал шаруашылығына арналған жер телімін сатып жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс материалдарына сүйенсек, талап қоюшы Жамбыл облысында мал шаруашылығымен айналысып, жұбайымен бірге шаруа қожалығын дөңгелетіп отырған. Оның менішігінде мал қоралары мен шопан үйі, жер учаскесі болған.2021 жылы шаруа қожалығының иесі аурухананың жансақтау бөліміне ауыр халде комаға түседі.Інісі ешқандай заңды өкілеттігі болмаса да, ағасының мүлкін бір ЖШС-нің жарғылық капиталына беру туралы шарт жасасқан. Кейіннен бұл жер телімі үшінші тарапқа сатылып, ЖШС мүлдем таратылып жіберілген.Сотта талап қоюшының өкілі қорғауындағы адам шарт жасалған кезде ауруханада комада болғанын және физикалық түрде ешкімге сенімхат бере алмайтынын түсіндірді.Сот келісімшарттарда иесінің қолтаңбасы жоқ екенін, мүлік иесі ешкімге сенімхат бермегенін, мәмілелер иесінің келісімінсіз, ерік-жігер бостандығы принципін бұза отырып жасалғанын анықтадыБарлық мән-жайды саралай келе, жерді беру және сату туралы келісімшарттар жарамсыз деп танылды.Сот жауапкерден 500 мың теңге көлеміндегі адвокаттық шығындар мен мемлекеттік бажды өндіріп алды.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1378/04/13780448_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7aa740556b627fc6984a88dc19c7ffd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, кома, сот үкімі
жамбыл облысы, кома, сот үкімі
Жамбыл облысында інісі комада жатқан ағасының жерін сатып жіберген
Інісі ешқандай заңды өкілеттігі болмаса да, ағасының мүлкін бір ЖШС-нің жарғылық капиталына беру туралы шарт жасасқан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының тұрғыны ағасы ауруханада комада жатқанда, оның мал шаруашылығына арналған жер телімін сатып жіберген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына сүйенсек, талап қоюшы Жамбыл облысында мал шаруашылығымен айналысып, жұбайымен бірге шаруа қожалығын дөңгелетіп отырған. Оның менішігінде мал қоралары мен шопан үйі, жер учаскесі болған.
2021 жылы шаруа қожалығының иесі аурухананың жансақтау бөліміне ауыр халде комаға түседі.
Інісі ешқандай заңды өкілеттігі болмаса да, ағасының мүлкін бір ЖШС-нің жарғылық капиталына беру туралы шарт жасасқан. Кейіннен бұл жер телімі үшінші тарапқа сатылып, ЖШС мүлдем таратылып жіберілген.
Сотта талап қоюшының өкілі қорғауындағы адам шарт жасалған кезде ауруханада комада болғанын және физикалық түрде ешкімге сенімхат бере алмайтынын түсіндірді.
Сот келісімшарттарда иесінің қолтаңбасы жоқ екенін, мүлік иесі ешкімге сенімхат бермегенін, мәмілелер иесінің келісімінсіз, ерік-жігер бостандығы принципін бұза отырып жасалғанын анықтады
Барлық мән-жайды саралай келе, жерді беру және сату туралы келісімшарттар жарамсыз деп танылды.
Сот жауапкерден 500 мың теңге көлеміндегі адвокаттық шығындар мен мемлекеттік бажды өндіріп алды.