Мемлекеттік бюджет кірісі жоспарлы көрсеткіштен асып түсті – үкімет

I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірісі 104,4%-ға орындалды
Sputnik
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі жоспарлы көрсеткіштен асып түсіп, өсім 17%-ға жуықтады, деп хабарлады үкімет.
2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірісі 104,4%-ға орындалды.
жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түсті;
жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды;
2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады.
Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді.
Қазақстан экономикасы 2026 жылы 5,5% деңгейінде өседі – ЕАДБ болжамы