Қазақстандық әйел Қырғызстанда балаларға азғындық жасағаны үшін сотталды

Бұл әрекеттерді ол сыбайласымен бірге жүзеге асырған
Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қырғызстаннан балаларды сатып алып, азғындық әрекет жасағандар сотталды, деп хабарлайды Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.
Мемлекеттік комитеттің мәліметінше, балалар саудасы фактісі бойынша қылмыстық іс 2024 жылдың қыркүйегінде қозғалған. Қазақстан азаматы мен Қырғызстан тұрғыны балаларды әкету кезінде қолға түскен.
Қазақстандық әйел Израиль азаматымен сөз байласып әрекет еткені белгілі болды. Олар Қырғызстан азаматынан үш бала сатып алған.
"Қылмыскерлер азғындық әрекеттер жасап, түрлі діни рәсімдерін жасаған. Балаларды жалаңаш күйде суретке түсіріп, ел аумағынан тыс жерлердегі үшінші тұлғаларға мессенджерлер арқылы жіберген", — деп хабарлады мемлекеттік комитетте.
Қылмыскерлер қырғызстандық тағы екі балаға қамқоршылық жасап, оларға да осындай әрекеттер жасаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
12 наурызда сот қазақстандық әйелді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Қырғызстан азаматының жеке мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Түркістан облысында оқушы қызға азғындық жасаған мұғалім 12 жылға сотталды