Қазақстандық гимнаст Мысырдағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

© Photo : Туризм және спорт министрлгігіҚазақстандық гимнаст Мысырдағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық гимнаст Мысырдағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Отандасымыз ақтық сайыста 14.083 ұпай иеленді
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Бүгін Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші жарыс күні өтті, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Ұлттық құрама спортшысы Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында финалда бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз ақтық сайыста 14.083 ұпай иеленді.
Жүлдегерлер:
1.
Артур Давтян (Армения) - 14.666 ұпай
2.
Асан Салимов (Қазақстан) - 14.083 ұпай
3.
Йонас Данек (Чехия) 14.016 ұпай
Осы дисциплинада тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек үздік бестікке кірді.
Бұл Каирде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші жүлде. Кеше тұтқалы ат снарядындағы финалда Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола медаль иеленген.
 Семсерлесуші Руслан Курбанов Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2026
Қазақстандық спортшы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықтар
0