Қазақстандық спортшы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

© Photo : Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі Семсерлесуші Руслан Курбанов Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
 Семсерлесуші Руслан Курбанов Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2026
Жазылу
Ақтық сында Украина спортшысына жол берді
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Семсерлесуші Руслан Курбанов Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ерлер арасындағы сайыста барлығы 277 атлет сынға түсті. Ал Руслан Курбанов алдымен бейтарап атлет Дмитрий Швелидзені, одан кейін Филипе Фразао (Португалия) мен Мигель Фразаоны (Португалия), ал ширек финалда Париж Олимпиадасының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы Коки Каноны (Жапония) жеңді.
Жартылай финалда Мажарстан өкілі Давид Надьтан басым түсті. Бірақ ақтық сында Украина спортшысы Роман Свичкарьге 12:15 есебімен жол берді.
Айта кетері, бүгін ерлер мен әйелдер арасында командалық сайыс өтеді. Барлығы Астанадағы турнирге 50-ге жуық мемлекеттен 500-ден астам спортшы жиналды.
Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықтар
0