АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында сот адвокат пен жәбірленуші зорлық ісіне байланысты жалған айғақ бергені үшін сотталды.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы, 2-бөлімі ("Сотқа алдын ала жалған куәлік беру") бойынша іс қаралған.
Бұған дейін жәбірленуші азамат өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шын жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген.
Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы, 2-бөлімі ("Сотқа алдын ала жалған куәлік беру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен әйелді мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған.
Сот үкімімен адвокат 5 жыл, зардап шеккен әйел 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура азаматтарды қылмыстық процесте шынайы айғақтарды беруге шақырады.
Қадағалау органы көрінеу жалған жауап беру заңмен қатаң жауапқа әкеп соғатынын ескертті.