Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы екі айда 15 млн тоннадан асты - ҚТЖ

Қазақстан темір жолы мен Ресей темір жолы ынтымақтастықты арттырып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербургте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен "Ресей темір жолы" компаниясының бас директоры Олег Белозеров кездесті.
Тараптар биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалының көлемі 15,2 млн тоннаға жеткенін талқылады. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 3,8%-ке артқан.
Транзит ынтымақтастықтың негізгі драйвері болып отыр. Соңғы жеті жылда Қазақстан аумағы арқылы Ресей мен Қытай арасындағы контейнерлік транзит 16 есеге, яғни 33 мың жиырма футтық эквиваленттен 550 мыңға дейін өсті.
"Кездесу барысында мемлекетаралық түйісу пункттерін синхронды дамыту және цифрландыруды ілгерілету, соның ішінде жіксіз цифрлық транзитті қалыптастыру мәселелері қаралды. Бұл бастамаларды іске асыру жеткізу мерзімін қысқартуға және жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚТЖ.
Сондай-ақ I Халықаралық көліктік-логистикалық форумында ҚТЖ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров трансшекаралық тасымалдарды дамыту перспективаларын ұсынып, ірі теміржол жобаларын іске асыру жоспарларымен бөлісті.
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалдау көлемін 60 миллион тоннаға дейін ұлғайтады