Екі облыс пен Шымкент қаласында жер сілкінді

Үш өңірде де жер сілкінісі 2 балл деңгейінде сезілді
Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жер сілкінді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан", – делінген хабарламада.
Үш өңірде де жер сілкінісі 2 балл деңгейінде сезілді.
Жетісу облысында жер сілкінді