Жетісу облысында жер сілкінді

© Sputnik/Айдана ДайыроваЖетісу облысы
Жетісу облысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
Сейсмологтар облыста 31 наурызға қараған түні де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында тағы жер сілкінді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңа жер дүмпуі бүгін Астана уақытымен сағат 13:23-те тіркеліп отыр.
"Эпицентр Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 километр жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Жер дүмпуінің Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында сезілуі 2 баллды құрады.
Айта кетейік, облыста бүгін сағат 11:11-де де жер сілкінді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 километр жерде орналасқан. Болжам бойынша жер сілкінісінің қуаты 2 балл болған.
Сейсмологтар облыста 31 наурызға қараған түні де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінде дүмпулер салдарынан қираған нысандар және зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.
Жетісу облысында ақпан айының басында да жер сілкінген. Ол кезде де қуаты 2-3 баллға жеткен.
 Алматы қаласы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Алматы мен үш облыста жер сілкінді
Жаңалықтар
0