АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Венгрия премьер‑министрі Виктор Орбан Ресейге салынған санкцияларды дереу алып тастау Еуропа мен бүкіл әлемде энергетикалық дағдарысты болдырмаудың жалғыз жолы деп мәлімдеді.
"Еуропа өз тарихындағы ең ауыр экономикалық дағдарыстың біріне тап болды. Әлем энергетикалық дағдарыспен бетпе-бет тұр. Еуропа үлкен қауіп-қатерде. Жағдайдан шығудың жалғыз жолы – Ресейдің энергетикасына салынған санкцияларды дереу алып тастау", – деп жазды Орбан X әлеуметтік желісінде.