Қазақстанда жасанды интеллектке маманданған университет ашылады

Жаңа оқу орнының мақсаты – экономиканың барлық саласына ЖИ технологияларын енгізетін мамандар даярлау
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, ерекше мәртебе берілетін мамандандырылған зерттеу университетін құру жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы қордың цифрландыру жөніндегі директоры Абылайхан Оспанов мәлімдеді.
Жаңа оқу орнының негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларын экономиканың барлық саласына енгізе алатын білікті мамандарды даярлау.
Жоба екі кезеңде іске асырылады:
Бірінші кезең — қолданыстағы университет базасында 100 студентке арналған магистратура ашу.
Екінші кезең – 5000 студентке арналған бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламалары бар толыққанды ЖИ университетін іске қосу.
2025 жылдың қазан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін құруды тапсырған болатын.
Медициналық көмектің сапасын жасанды интеллект тексереді