https://sputnik.kz/20260313/ukimet-meditsinalyq-qyzmet-sapasyn-arttyruga-arnalgan-keshendi-zhospardy-bekitti-61812066.html
Медициналық көмектің сапасын жасанды интеллект тексереді
Медициналық көмектің сапасын жасанды интеллект тексереді
Sputnik Қазақстан
Үкімет медициналық қызмет сапасын арттыруға арналған кешенді жоспарды бекітті 13.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-13T08:51+0500
2026-03-13T08:51+0500
2026-03-13T10:12+0500
медицина
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/08/59424912_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4fcebe3506fa790bf820331877c3276e.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 2028 жылға қарай Қазақстанда медициналық көмектің сапасы мен көлемінің кемінде 20%-ы жасанды интеллект арқылы бақыланады, деп хабарлады үкімет. Үкімет бекіткен кешенді жоспар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп, дамытуды көздейді. Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, сапа сараптамасының жаңа моделі пайда болады және ұлттық сапа институты құрылады. Тағы бір құжат сапа менеджменті жүйесінің цифрлық трансформациясын қарастырады. Сондай-ақ 2028 жылға дейін медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін толық цифрландырып, 2027 жылы сапа сараптамасының үш компонентті моделін енгізу жоспарлануда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/08/59424912_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ab7a126f1347af16a0a3454ad15e5e6a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, үкімет
Медициналық көмектің сапасын жасанды интеллект тексереді
08:51 13.03.2026 (жаңартылды: 10:12 13.03.2026) Үкімет медициналық қызмет сапасын арттыруға арналған кешенді жоспарды бекітті
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 2028 жылға қарай Қазақстанда медициналық көмектің сапасы мен көлемінің кемінде 20%-ы жасанды интеллект арқылы бақыланады, деп хабарлады үкімет.
Үкімет бекіткен кешенді жоспар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп, дамытуды көздейді.
Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, сапа сараптамасының жаңа моделі пайда болады және ұлттық сапа институты құрылады. Тағы бір құжат сапа менеджменті жүйесінің цифрлық трансформациясын қарастырады.
"Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай медициналық қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштерін жақсарту көзделіп отыр", - деп атап өтті үкімет.
Сондай-ақ 2028 жылға дейін медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін толық цифрландырып, 2027 жылы сапа сараптамасының үш компонентті моделін енгізу жоспарлануда.