Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кейбір демократтар Украинада бейбітшілік орнағанын қалайды - конгрессмен

Өткен аптада бес ресейлік заң шығарушы АҚШ Конгресіндегі әріптестерімен және АҚШ әкімшілігінің шенеуніктерімен кездесті
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз - Sputnik. АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері мен жақтастары Украинадағы қақтығыстың шешілуін қалайды және барлық тараппен диалогқа дайын, деп мәлімдеді республикашыл конгрессмен Анна Паулина Луна.
"Дипломатия мен бейбітшілік орнайды. Жақсы жаңалық - кейбір сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмаған демократтар Украинада бейбітшілік орнағанын қалайды және барлық тараппен талқылауға ашық", - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Өткен аптада бес ресейлік заң шығарушы АҚШ Конгресіндегі әріптестерімен және АҚШ әкімшілігінің шенеуніктерімен кездесті.
Бұл Мемлекеттік Дума мүшелерінің соңғы жылдардағы АҚШ-қа алғашқы сапары болды. Себебі 2014 жылы Ресейге қарсы санкциялар енгізген елдермен парламентаралық қарым-қатынас тоқтатылды.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ Украинадағы қақтығыстың тоқтағанын көргісі келетінін айтқан.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтатуға қол жеткізгісі келеді - Рубио