Ақордада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Русская медная компания" негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан экономикасына салынған инвестиция былтыр 46,2 млрд долларға жетті