https://sputnik.kz/20260313/qazaqstan-ekonomikasyna-salyngan-investitsiya-byltyr-462-mlrd-dollarga-zhetti-61815208.html
Қазақстан экономикасына салынған инвестиция былтыр 46,2 млрд долларға жетті
Қазақстан экономикасына салынған инвестиция былтыр 46,2 млрд долларға жетті
Sputnik Қазақстан
Республикада Қазақстанның 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы құрылды 13.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-13T14:13+0500
2026-03-13T14:13+0500
2026-03-13T14:13+0500
инвестиция
экономика
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898613_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_3a5f45c4a8d6fea44de9da3845080559.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.Бұл 2024 жылғы қарағанда 13%-ке көп. Инвестиция әсіресе қаржы және сақтандыру қызметінде өсті, ол 88,4%.Республикада инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Қазақстанның 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы жасалды.Сондай-ақ инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі - сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде жұмыс істеуді жалғастырады.Инвесторларды кешенді сүйемелдеу үшін "бір терезе" қағидаты бойынша бірыңғай орталық құрылады.Ол – негізгі даму институттарын біріктіретін және инвестициялық рәсімдердің жедел және ашық өтуін қамтамасыз ететін Kazakhstan Investment House.Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы салалық кластерлерді қалыптастыруға және активтерді тиімді басқаруға бағдарланған өңірлік даму институттарына айналдырылады. Бір мезгілде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар шеңберінде инвесторлар үшін рәсімдер жеңілдетіледі, деп хабарлады министрлік.Бұдан басқа, өңірлерде инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдейтін инвестициялық прокурорлар тағайындалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898613_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_9519a4e115feed33275e6f46b9059700.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, экономика
Қазақстан экономикасына салынған инвестиция былтыр 46,2 млрд долларға жетті
Республикада Қазақстанның 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы құрылды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Бұл 2024 жылғы қарағанда 13%-ке көп. Инвестиция әсіресе қаржы және сақтандыру қызметінде өсті, ол 88,4%.
"2025 жылдың 9 айында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 14,9 млрд долларды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ке артық", - деп атап өтті ведомство.
Республикада инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Қазақстанның 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы жасалды.
"Тұжырымдаманың негізгі басымдығы – қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өндірістер құруға және экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға инвестициялар тарту", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі - сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде жұмыс істеуді жалғастырады.
Инвесторларды кешенді сүйемелдеу үшін "бір терезе" қағидаты бойынша бірыңғай орталық құрылады.
Ол – негізгі даму институттарын біріктіретін және инвестициялық рәсімдердің жедел және ашық өтуін қамтамасыз ететін Kazakhstan Investment House.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы салалық кластерлерді қалыптастыруға және активтерді тиімді басқаруға бағдарланған өңірлік даму институттарына айналдырылады. Бір мезгілде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар шеңберінде инвесторлар үшін рәсімдер жеңілдетіледі, деп хабарлады министрлік.
"Қосымша шаралар инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурорға беріледі. Қатысушыларға Мемлекеттік қызметтерді алудың "Жасыл дәліз" деп аталатын жеделдетілген тәртібі енгізіледі", - деп хабарлады ведомство.
Бұдан басқа, өңірлерде инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдейтін инвестициялық прокурорлар тағайындалады.