АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Наурыздың 17-і мен 20-сы аралығында Ішкі істер министрлігі "Заңсыз" атты жедел алдын алу шарасын өткізді.
Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 500-ден астам жұмыс берушіге жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сот тәртіп бұзушыларды депортациялау туралы 1200 қаулы шығарды.
Сот тәртіп бұзушыларды депортациялау туралы 1200 қаулы шығарды.
"121 шетелдік күштеп депортацияланды, оның ішінде деструктивті радикалды ағымның сегіз шетелдік өкілі бар. Депортацияланғандардың барлығына бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Сондай-ақ 24 қылмыстық іс қозғалды:
мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 9 іс;
заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 9 іс;
шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны үшін 6 іс.
"Жасалған құқықбұзушылықтар бойынша талдау көрсеткендей, көп жағдайда біздің азаматтар шетелдіктерді елде болу ережелерін бұзуға итермелейді, оның басты мақсаты жылдам, заңсыз пайда табу", - дейді ІІМ.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу фактілері Шымкент, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында анықталған.