АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы әуежайынан Сеул мен Пусанға тікелей әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оңтүстік Кореяның "Eastar Jet" лоукостері 7 сәуірден бастап алдымен "Алматы – Сеул (Инчхон)" бағыты бойынша рейстерді қайта іске қосады. Ал 1 мамырда "Алматы – Пусан" бағыты бойынша әуе қатынасы да қайта жанданады. Рейстер аптасына екі рет тұрақты түрде орындалады.
Айта кетері, бұған дейін үкімет 2026 жылы бірнеше әуежай мен әуе рейстері ашылатынын хабарлаған болатын.