АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстаның барлық өңірінде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде "Заң және тәртіп" жобасы аясында құқықтық мәдениет сабағы енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18 процентке төмендеген. Бұдан бөлек, баса назар аударуды қажет ететін жасөспірімдер саны 30 процентке азайған. Осыдан кейін жобаны республика бойынша енгізуге шешім қабылданды.
Қазіргі кезде жобаны кеңінен жүзеге асырып жатқан өңірлер қатарында Шымкент қаласы (100-ге жуық беру ұйымы), Қарағанды облысы (190-нан астам), Павлодар облысы (шамамен 110 ұйым) бар.
"Оқушылармен құқық қорғау органдарында қызмет еткен 600-ден астам тәлімгер жұмыс істейді. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі. Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, мектептерде "Конституция негіздері" мен "Заң және тәртіп" пәндік курстары енгізіледі.