https://sputnik.kz/20260330/barlyq-onirde-quqyqtyq-madeniet-sabagy-bastaldy-62276876.html
Барлық өңірде құқықтық мәдениет сабағы басталды
Барлық өңірде құқықтық мәдениет сабағы басталды
Sputnik Қазақстан
Талғар ауданында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18 процентке төмендеген 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T22:14+0500
2026-03-30T22:14+0500
2026-03-30T22:14+0500
мектеп
сабақ
https://sputnik.kz/img/321/82/3218278_0:0:2001:1125_1920x0_80_0_0_32479d1de9098f8b145fd29481eaf2d9.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстаның барлық өңірінде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде "Заң және тәртіп" жобасы аясында құқықтық мәдениет сабағы енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18 процентке төмендеген. Бұдан бөлек, баса назар аударуды қажет ететін жасөспірімдер саны 30 процентке азайған. Осыдан кейін жобаны республика бойынша енгізуге шешім қабылданды.Қазіргі кезде жобаны кеңінен жүзеге асырып жатқан өңірлер қатарында Шымкент қаласы (100-ге жуық беру ұйымы), Қарағанды облысы (190-нан астам), Павлодар облысы (шамамен 110 ұйым) бар.Айта кетері, мектептерде "Конституция негіздері" мен "Заң және тәртіп" пәндік курстары енгізіледі.
https://sputnik.kz/20260318/zhana-konstitutsiya-mektepte-zhana-pandik-kurstar-engiziledi-61997054.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/321/82/3218278_0:0:1833:1375_1920x0_80_0_0_d53595764b7490c835e16fd79b8cf6ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, сабақ
Барлық өңірде құқықтық мәдениет сабағы басталды
Талғар ауданында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18 процентке төмендеген
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстаның барлық өңірінде 1000-ға жуық мектеп пен колледжде "Заң және тәртіп" жобасы аясында құқықтық мәдениет сабағы енгізілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне
сілтеме жасап.
Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18 процентке төмендеген. Бұдан бөлек, баса назар аударуды қажет ететін жасөспірімдер саны 30 процентке азайған. Осыдан кейін жобаны республика бойынша енгізуге шешім қабылданды.
Қазіргі кезде жобаны кеңінен жүзеге асырып жатқан өңірлер қатарында Шымкент қаласы (100-ге жуық беру ұйымы), Қарағанды облысы (190-нан астам), Павлодар облысы (шамамен 110 ұйым) бар.
"Оқушылармен құқық қорғау органдарында қызмет еткен 600-ден астам тәлімгер жұмыс істейді. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі. Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, мектептерде "Конституция негіздері" мен "Заң және тәртіп" пәндік курстары
енгізіледі.