Данияр Шамшаев дзюдодан Еуропа кубогының алтын медалін иеленді

Сондай-ақ Хорватиядағы турнирде Қазақстан қоржынына күміс және қола медаль түсті
Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Данияр Шамшаев (73 келі) алтыннан алқа тақса, Дамир Болатбеков (60 келі) турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.
Дзюдодан Еуропа кубогының кезеңі Хорватияның Дубровник қаласында өтті.
Айта кетері, бұған дейін Нұрқанат Серікбаев Грузияның Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Спорт
Қазақстандық дзюдошы әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды