Спорт

Қазақстандық дзюдошы әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды

© Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіҚазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисидегі Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисидегі Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті.
Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, "юко" ұпайына ие болды. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 2024 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде де жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Жаңалықтар
0