Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Ресеймен келіссөз туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Владимир Зеленский келіссөздер өтетін орынға қатысты АҚШ пен Ресейдің ұстанымына байланысты Киев өзін дипломатиялық процесте бітімгер ретінде көретінін айтты. Бұл туралы ол Telegram-каналында жазды.
"Біз бұл процесте қақтығыстың бір тарапы емес, бітімгер секілдіміз", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, бұл украин тарапының үшжақты кездесуді қалайтынына байланысты. Ал америкалық делегация Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты АҚШ-тан кетуге дайын емес, Ресей болса "Америкадан басқа кез келген жерде келіссөз жүргізе алады".
Зеленский бұған дейін Вашингтоннан Украина бойынша келесі үшжақты келіссөздің "нақты кестесін" белгілеуді талап етті.
Өткен аптада украиналық делегация Майамиде АҚШ өкілдерімен қақтығысты реттеу мәселелері бойынша екіжақты кездесу өткізді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің Киев пен Вашингтон арасындағы байланыстарға қатыспайтынын баса айтты, бірақ үшжақты форматтағы үзіліс уақытша болатынына үміт білдірді.
Жыл басынан бері делегациялар үш кездесу өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтатуға қол жеткізгісі келеді - Рубио