Алматыда 400-ден астам компанияға заңсыз лицензия берілген

Осындай "қызметтер" көрсеткені үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып отырған
Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында жүздеген компанияға заңсыз лицензия беру дерегі анықталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктілер "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізумен айналысқан.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 2021 жылдан бері қылмыстық схемаға қатысушылар Алматы қаласы "Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы" КММ қызметкерлерімен сөз байласу арқылы, өздеріне қарасты компаниялар арқылы өндірістік базалардың, арнайы техниканың және білікті инженерлік-техникалық мамандардың бар екендігі туралы жалған мәліметтер ұсынған. Алайда бұл талаптарға нақты сәйкестік болмаған.
"Нәтижесінде қолданыстағы біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында І санаттағы лицензияларды заңсыз алған", - деп жазылған хабарламада.
Тінту шаралары барысында заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін құжаттар мен заттай айғақтар тәркіленді.
Осындай "қызметтер" көрсеткені үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып отырған.
Тергеу жалғасып жатыр.
"Кіру төлемдерін" талап еткен: танымал кинотеатр желісінде заңбұзушылықтар анықталды