"Кіру төлемдерін" талап еткен: танымал кинотеатр желісінде заңбұзушылықтар анықталды

© Photo : UnsplashКинотеатр
Кинотеатр - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
Отандық киноөндірушілерге міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабы қойылған
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматыдағы Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, отандық киноөндірушілерге міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабы қойылған.
"Ал аталмыш төлем жасалмаған жағдайда фильмдер кинотеатрларда көрсетілімге жіберілмеген. Мұндай талаптар бәсекелестікті шектеп, нарық субъектілерінің заңды құқықтарын бұзған, киноөндірушілердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергілер жасап, отандық кинематографияның дамуын тежеген", - дейді агенттік мамандары.
Осыдан кейін Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына ескерту хат жіберілді.
Хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, міндетті жарнамалық шығындарды жүктеу тәжірибесі тоқтатылып, фильмдерді прокатқа шығару үшін талап етілген "кіру төлемдері" тоқтатылды.
Бұдан бөлек, қазіргі кезде фильмдерді релиздер кестесіне енгізу, сеанстар кестесін өзгерту, фильмдердің прокатта болу мерзімдерін мен көрсетілімнен алу шарттарының бірыңғай тәртібін белгілейтін жария регламент әзірленіп жатыр. Соның нәтижесінде нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасалады. Ал кинопрокат рәсімдерінің ашықтығы артады.
Алматыда 203 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Алматыда 203 млрд теңгеден астам қаржылық бұзушылықтар анықталды
Жаңалықтар
0